КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ ТАРАПЫНАН РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ.

КЕЛЕС АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ ТАРАПЫНАН РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ.

Келес ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен аудан аумағында салық салу объектілерін анықтау және қосымша кіріс көздерін табу мақсатында, 2019 жылдың басынан:
1.Салық органында тіркеуде болуы;
2.бақылау кассалық машинасының болуы;
3.Алкоголь өніміндерін сатуға лицензияның болуы сынды сұрақтары бойынша тақырыптық тексерулер жүргізілді. Жүргізілген рейдтік шаралар нәтижесінде 137 акт түзілді. Оның ішінде 40 салық төлеуші салық органында тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысып жатқаны анықталды. Сонымен қатар, 5 салық төлеуші арнайы лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатқаны анықталып, 188 шөлмек және 1 бөшке немесе 242,4 литр алкоголь өнімдері тәркіленді. Бұл фактілер бойынша ӘҚБтК-нің 463 бабына сәйкес хаттамалар толтылырып, тиісті шара қолдану үшін сот органдарына жолданды. Ал қалған 92 салық төлеушінің бақылау кассалық машинасының жоқтығы анықталды. Бұл салық төлеушілерге ӘҚБтК-нің 284 бабына сәйкес әкімшілік шара көрілді.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі