КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

СІЗ – ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАСАҢЫЗ, БІЗ – СІЗДІКІН…

СІЗ - ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАСАҢЫЗ, БІЗ - СІЗДІКІН...

Аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан Бозай ауылдық округі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа әкімдік ғимаратына көшуге қамданып отыр. Аудан әкімі Ақментай Есбаевтың бастамасымен бүгінгі таңға дейін 12 ауылдық округтердің тең жартысының ғимараттары жаңартылып, мамандар кең әрі ыңғайлы кеңседе жұмыс жасауға көшті. Солардың қатары бүгінгі күні тағы бір ғимаратқа, ол Бозай ауылдық округі әкімінің аппаратымен толығуға таяу. Аудан әкімінің Ақментай Үсенұлы: -«Әкімдік қызметкерлерінің жағдайын алдымен жасап, сосын олардан нәтижелі жұмысты талап етсек, халықтың мәселері оңтайлы шешіледі» – дейді. Себебі өзі қазіргі әкім дәрежесіне осылай маман баспалдағынан көтеріліп, халықтың арасында өскенін, сондай-ақ әр маманнның жұмыс орнының ыңғайлы болуы жұмыстың нәтижелі болуына әкеп соғады. Жұмыс нәтижелі болу үшін әр маманның жағдайын жасау керек екенін алға тартады. Сонымен қатар келер жылдың басынан әр ауылдық округтің мамандарының техникалық базаны жетік, әрі ыңғайлылығын арттыру үшін заманауи үлгідегі компьютер құрылғыларымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі