КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ КЕЛЕС АУДАНЫНДА

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ КЕЛЕС АУДАНЫНДА

019 жылдың 1 қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов Келес ауданына жұмыс сапарымен келіп, бірнеше нысандарды аралады.

Ең алдымен департамент басшысы әкім аппаратының акт залында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізіп, республика Президентінің алғашқы Жолдауы аясында қойылған нақты тапсырмалардың орындалу маңыздылығы мен келелі жұмыстарға тоқталды және осы ғимарат базасында азаматтарды жеке мәселелермен қабылдады.

Мұнан соң, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша Келес аудандық бөлімінің «Цифрлық Қазақстан» аясында атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, оң бағасын берді.