КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: АУДАН АУМАҒЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 2019 ЖЫЛҒА БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША ЕКІ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

КЕЛЕС: АУДАН АУМАҒЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 2019 ЖЫЛҒА БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША ЕКІ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

Бүгін Келес ауданы әкімдігіне қарасты Келес аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Юсупов жергілікті БАҚ өкілдеріне бөлімнің ағымдағы жылдың тоғыз айында атқарған жұмыстарының есібін берді. Келес аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы мемлекеттік мекемесі 2018 жылдың қыркүйек айында құрылған. Бөлімнің негізгі жұмыс бағыты аудандағы құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік функцияларды іске асыру болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, бөлімде қызметтің 4 түрі көрсетіледі. Атап айтқанда: ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру; Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру; Тіркеу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру; Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу сынды қызметтерді көрсетеді. Ал бөлімнің негізгі бағыттары бойынша мағлұматтарға сүйенсек: құрылыс саласы бойынша аудан аумағында облыстық бюджет есебінен 2019 жылға білім саласында екі нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда: Біртілек ауылдық округі, Еңбекші елді мекеніндегі Әлібекұлы атындағы мектебіне 300 оқушы орындық оқу корпусы, спорт және акт залдары, асхана, шеберхана құрылысы». Нысан 2018 жылдан 2019 жылға өтпелі. Мердігер «Құрылыс Т.А.» ЖШС. Нысан 2019 жылдың қараша айында іске қосылуы жоспарланған. Екіншісі: Қошқарата ауылдық округі, Жамбыл елді мекеніндегі 300 оқушы орындық мектеп құрылысы». Нысанның құрылыс жұмыстары 2019 жылдың маусым айында басталды. Нысан 2019 жылдан 2021 жылға өтпелі. Нысанның іргетасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «ЕвроРемонтСервис» ЖШС. Бүгінгі таңда ауданымызда актуал тақырып болып келе жатқан Ақтөбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекеніндегі 300 оқушы орындық №91 М.Горький атындағы мектептің құрылысы бойынша Келес ауданының әкімі А.Есбаевтың тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда аталған нысанды Келес ауданның коммуналдық меншігіне қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысанның құрылысын әрі қарай жүргізу мақсатында, облыстық құрылыс басқармасына қаржы қарастыруға хат және бюджеттік өтінім жолданды. (Ескертпе; 2017-2018-2019 ж.ж. құрылысқа қаралған қаржы, Сарыағаш ауданының бюджетінде болған.) Ал, жобалық сметалық құжаттары дайын болып, құрылыс жұмыстарына қаржы қарастыруға, облыстық сала басқармаларына ұсынылыған жобалардың саны 9 құрайды. Олар; Білім саласы бойынша 3 жоба; Спорт саласы бойынша 1 жоба; Мәдениет саласы бойынша 5 жоба; Нақтылап айтқанда білім саласында Ақтөбе ауылдық округі, Жуантөбе елді мекенінен 300 орындық №95 А.Оразбаева атындағы мектеп құрылысы. Бозай ауылдық округі, Тентексай елді мекенінен 150 оқушы орындық мектеп құрылысы. Біртілек ауылдық округі, Біртілек елді мекенінен 300 орындық Еркіндік атындағы мектеп құрылысы. Спорт саласында Абай ауылындағы Б.Қырғызалиев көшесі бойындағы спорт кешенінің құрылысы. Мәдениет саласында: Біртілек ауылдық округі, Біртілек елді мекенінен 200 орынға арналған мәдениет үйі және кітапхана құрылысы. Ұшқын ауылдық округі, Ұшқын елді мекеніндегі Д.Қонаев көшесі бойынан 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы. Ошақты ауылдық округі, Жиделі елді мекенінен 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы. Алпамыс батыр ауылдық округі, Ақжол елді мекеніндегі жібек жолы көшесі бойынан 150 орындық ауылдық клуб және кітапхана құрылысы. Айта кету керек Қошқарата ауылдық округінде орналасқан мәдениет саласы бойынша және 3 жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, сараптаманың қарауында. Ауданның барлық елді мекендерін аралау және мониторинг жасау нәтижесінде, білім саласы бойынша жалпы 15 сәулет-жоспарлау тапсырмалары дайындалды. Жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу мақсатында облыстық құрылыс басқармасына 5 сәулет-жоспарлау тапсырмалары ұсынылды.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі