КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС АУДАНЫ БОЙЫНША АЗ ҚАМТЫЛҒАН 226 АЗАМАТҚА 5 МЛН ТЕҢГЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ ТАҒАЙЫНДАЛЫП, ТӨЛЕНДІ.

КЕЛЕС АУДАНЫ БОЙЫНША АЗ ҚАМТЫЛҒАН 226 АЗАМАТҚА 5 МЛН ТЕҢГЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ ТАҒАЙЫНДАЛЫП, ТӨЛЕНДІ.

 Келес ауданы әкімдігіне қарасты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.у.а. Асылхан Бахтиярұлы Келімбетов бөлімнің ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы есебін жергілікті БАҚ өкілдерімен  бөлісті. Жәрдемақыларды тағайындау және төлеу  бойынша ауданда аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті төлеу үшін Бағдарламаға 2019 жылға Республикалық бюджеттен 3706258,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 200 млн  теңге, ал ҚР ұлттық қорынан 1464898,0 тенге қаржы қаралаған. Аудан бойынша 2019 жылдың 9 айында ауыл және ауылдық округтерінен «Учаскелік комиссиялар» қорытындысы негізінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж болып өтініш берген 9400 отбасына 3073223,0 млн қаржы тағайындалып, төленді. Яғни жалпы 54138 адам қамтылған (осы отбасылардың ішінен шарттысы – 8866, шартсызы – 534 құраған). Оның ішінде көпбалалы отбасы саны – 2281 құрайды.  Ал 2019 жылдың 1-ші сәуірінен бастап АӘК өтініш берген отбасының айлық кірісі кедейілік шегінен асып кетуіне байланысты 842 отбасы тағайындалудан бас тартылды.  «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, осы санаттағы аналарға біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни аудандағы 5207 анаға жергілікті бюджеттен 26 млн 613500 мың теңге қаражаты қарастырылып 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай төлем жасалынды.

Келес  ауданы бойынша жалпы 3690 мүгедектердің саны тіркеліп, соның ішінде 1-топ  2-топ мүгедегі – 1660, 3-топ мүгедегі – 1364азамат, 16 жасқа дейін – 689  мүмкіндігі шектеулі балалар барлығы анықталып,         мүгедектерді оңалту орталығына жолдама алу үшін 9 айына 62 мүмкіндігі шектеулі азаматтардан өтініштер қабылданып, 54 мүмкіндігі шектеулі азаматтар Шымкент қаласына жолдамамен қамтылды. Медициналық әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың  жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес, Аудан құрылғалы бері  409 мұқтаж мүмкіндігі шектеулі азамат тіркеліп, 394 мүмкіндігі шектеулі азамат  9 айдың қорытыныдысымен ересектерге және балдарға арналған  гигиеналық құралдар берілді. Қазіргі таңда, жаңадан еңгізілген міндетті гигиеналық құралдармен сурдотифло құралдарын және протез ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету мақсатында мұқтаж мүмкіндігі шектеулі азаматтар жеке оңалту бағдарламасына сәйкес құралдар таратылып берілетін болады. Сауықтыру орындарына жолдама алуға 927 зейнеткер азаматтар  тіркеліп,  444 зейнеткер азаматтарға жолдамалар  берілді. Сауықтыру орындарына  жолдама алуға 672 мүмкіндігі шектеулі жандар тіркеліп оның ішінде 389 азаматтарға жолдамалар берілді. Сурдо-тифло құралдарын алуға – 47 мүмкіндігі шектеулі жандар  өтініш қабылданды. Құлағы естімейтін саңырау 12 мүмкіндігі шектеулі жандар есту аппараттарын алуға  өтініштері қабылданып, алдағы уақытта жолдама арқылы жіберіледі. Протез-ортопедиялық құралдарын алуға 213 адам өтініш білдіріп, бүгінгі таңға 238 мүмкіндігі шектеулі жандарға Шымкент қаласындағы «Көгершін» ортопедиялық  орталығына  жолдамалар берілді.

Инво және әлеуметтік такси қызметін алуға  90 азаматтар өтініш беріп  тіркеліп толығымен қызмет алуда. Кресло арба алуға мүмкіндігі шектеулі азаматтар тарапынан барлығы 68 өтініш тіркелген.        Жергілікті бюджеттен қаржы қаралып 68 кресло арбалар алынып,59 мұқтаж азаматтарға кресло арба таратылып берілді.      Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 132 мүмкіндігі шектеулі баланың әрқайсына  оқуға арналған құрал саймандар алуға айына  2 айлық есептік көрсеткіштен (5050 теңге)  жәрдемақы төленуде. Аудандағы әлеуметтік салада кемшіліктерді болдырмау және алдын алу мақсатында бөлімнің жоспары құрылып, алдағы уақыттада тиісті жұмыстарды сапалы атқаруға, және халыққа қызмет ету жұмыстарын әрі жетілдіретін болады.

 

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі