КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: 2019 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА ӨНДІРІЛГЕН ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 3 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

КЕЛЕС: 2019 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА ӨНДІРІЛГЕН ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 3 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

Бүгін Келес аудандық кәсіпкерлік және ауылшарушылығы бөлімі басшысының м.у.а. Мадияр Күмісбекұлы Әшірбаев аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өңір журналистерімен өткен брифингте бөлімнің 2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ауыл шаруашылығы саласын өркендету, инфрақұрылымын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, рухани жаңғыру бағытындағы бастамалар жайын баяндаған М.Әшірбаев алдағы жоспарлармен бөлісті. 2019 жылдың 9 айында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 3133,1 млн. теңге болып, өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,0 % құраған. Оның ішінде өңдеу саласы бойынша 2000,5 млн.теңгенің өнімі өндірілген. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында 6057,7 млн.теңге, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 184,2 пайызды құрады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Бес Қара» ЖШС–гі Қошқарата ауылдық округі аумағынан 394 гектар жер учаскесіне жеміс ағаштарын егу (интинцивті бау) жоспарланған. Қазіргі таңда аталған бағдарлама аясында «инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша инфрақұрылымын қалыптастыруға жұмсалатын қаржыны анықтау мақсатында, технико-экономикалық негіздемені (ТЭО) әзірлеуге және жобалық-сметалық құжаттамасын жасату үшін, аталған жер учаскесін ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне 4 жыл 9 ай мерзімге құрылыс жұмыстарын жүргізу кезеңі біткенше уақытша өтеусіз пайдалануға алып, жобалық сметалық құжаттары жасалып, мемсараптаманың қорытындысы алынып, энергетика басқармасынан салааралық қорытынды алу үшін құжаттар тапсырылды. «Индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жалпы құны 327,4 млн.теңгені құрайтын 2 жоба 2019 жылы іске қосылуы жоспарланған. Олар: «Көшім» ШҚ – Ақтөбе ауылдық округі аумағынан жалпы құны 100,0 млн теңгені құрайтын тауарлық балық өсіру және балық етін өңдеу зауытының құрылысы. Жоба 2019 жылы іске қосылуы жоспарлануда. Қазіргі таңда Ақтөбе ауылдық округі аумағынан «Келес» өзенінің аумағанан 76,2 гектар жер учаскесін бөліп, дайын болған 5 көлге 80-90 мың дана шабақ жіберіп, балықты қайта өңдеу цехының құрылысын жүргізуде. Ал екінші жоба ЖК «Қашқынбаев Б.Ж.» Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі аумағынан жалпы құны 227,4 млн теңгені құрайтын темір бетон бұйымдарын өндіретін зауытың құрылысы. Жоба 2019 жылы іске қосылуы жоспарлануда. Қазіргі таңда жер қойнауын пайдалануға рұқсат құжаттарын алған. 6,0 га жер учаскесіне іргелес жатқан, ауданның арнайы жер қорында тұрған 4,0 га жер учаскесін беру үшін құжаттар рәсімделуде. Ал, 2019 жылы «Индустриялды-инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу мақсатында, Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысына жалпы құны 2591,0 млн. теңгені құрайтын 6 жоба ұсынылып. Оның ішінде 2 жоба мақұлданды. Атап өтсек: «ТМстрой 21» ЖШС Келес ауданы, Бірлік ауылдық округі аумағынан жалпы құны 520,0 млн. теңгені құрайтын күйген қыш шығаратын зауытың құрылысы. Жоба 2020 жылы іске қосылуы жоспарлануда. «AIBI-I (АИБИ-АИ)» ЖШС Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі аумағынан жалпы құны 251,0 млн теңгені құрайтын күйген қыш шығаратын зауыттың құрылысы. Жоба 2021 жылы іске қосылуы жоспарлануда. Шетелдік және отандық инвесторлар есебінен іске асырылуы жоспарланған жобаларға тоқталсақ: «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС – гі Бірлік ауылдық округі аумағынан жалпы құны 1,1 млрд.долларды құрайтын 500 гектар жер учаскесіне өнеркәсіптік жылыжай кешені құрылысын 2019-2025 жылдар аралығында іске асырылу жоспарланған болса екінші жоба аясында «UBS KZ» ЖШС және «UBS Solar» ЖШС-не Келес ауданы, Бірлік ауылдық округі аумағынан жалпы құны 30,0 млрд.теңгені құрайтын 60,0 гектар жер учаскесіне қуаттылығы сағатына 30 МВт электр қуатын күн сәулесінен өндіретін электрстанциясын жобалау іздестіру жұмыстарына рұқсат беру туралы аудан әкімдігінің қаулылары қабылданды. Ал микрокредиттік ұйым арқылы 2019 жылдың 9 айында несие ұйымдары жалпы саны 1814 адамға жалпы сомасы 609,8 млн. теңге несие берілді.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі