КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: ЕНДІ ОШАҚТЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПКЕ ТАЗА ЖОЛМЕН БАРАДЫ.

КЕЛЕС: ЕНДІ ОШАҚТЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПКЕ ТАЗА ЖОЛМЕН БАРАДЫ.

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Ошақты ауылдық округі Қоңыртөбе елді менінде салынып жатқан жол құрылысының басына барды. Аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиковпен бірге құрылыс жұмыстарының сапасын бақылаған аудан басшысы тұрғындардың талап-тілектерін ескеріп, 500 ге жуық тұрғыны, 200-дей мектеп оқушы бар елді мекенді мектеп пен округ орталығына шығатын жолын асфальттау жұмыстарын жүргізуде. Жалпы Ошақты ауылдық окргінде 56 ішкі көше болса, оның 30 пайызы асфальтталған. Биылғы жоспар бойынша аталған округте тағы 6 көше асфальтталатын болса, 4 көшеге шағал төселеді. Жалпы аудан бойынша биыл 87 шақырым жол асфальттану жоспарға енген болса, оның бүгінгі таңда 80 пайызға жуық көшесінің құрылыстары аяқталды. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес алдымен аудандағы білім беру ошақтары орналасқан көшелер мен емханаларға жеткізетін жолдардың құрылысы жүретін болады. Ал тозығы жеткен, облыстық маңызы бар Абай-Ошақты-Бірлік тас жолын биылғы жылы Республикалық А-15 трассасын жөндеуден өткізіп жатқан «ҚазАвтоЖол» мекемесі қалпына келтіруге міндеттелген. Ол жолдың құрылысын «Nur Otan» партиясы өз бақылауына алған.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі