КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АҚТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АҚТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сайлаудан жеңіп шыққан Джилкибаев Сүлеймен Нұрланұлы аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін Ақтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Бүгін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев жаңа басшыны округтің активіне таныстырып, бастап жатқан қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, округтің белсенділері жаңа әкімнен көп үміт күтетіндерін жеткізді. Сүлеймен Джилкибаев 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданында дүниеге келген. 2010 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заңтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2012 жылы АХАТ бөлімінің инспектор мұрағатшысы болып еңбек етті. 2015 жылы «Сарыағаш ауданы Абай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Бас маман заңгері болып еңбек жолын жалғастырған. Ал, 2016 жылы «Сарыағаш ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маман заңгері болған. 2017 жылы Ауыл шаруашылығы саласы бойынша бас маманы, ал 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Келес ауданы әкімі аппаратының Жалпы, ақпараттандыру және әкімшілік бөлімшесінің басшысы қызметін атқарған.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі