КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛ ЖӘНЕ ЧЕРЛИДИНГТЕН ЖАРЫС ӨТТІ.

КЕЛЕС: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛ ЖӘНЕ ЧЕРЛИДИНГТЕН ЖАРЫС ӨТТІ.

Келес ауданы әкімдігі мен аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Келес ауданының әкімі» жүлдесі үшін, «Balalyk Alemi» ұлттық жобасы аясында, 10-12 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында (ұлдар,қыздар) кіші футбол және черлидингтен жарыс өтті. Жарыстың мақсаты жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, аудан тұрғындарын спорт түрлерімен үнемі айналысуға шақыру, Жастарды отансүйгіштік-патриоттық тәрбиеге баулумен қатар футбол және чирлидингті танымал ету болып табылады. Ауданның 18 мектебінен 250 оқушы қатысқан спорттық шараны аудан әкімі Ақментай Есбаев ашып, жастарды спортпен шұғылданып, салауатты тұрмыс салтын ұстануға шақырды. Жалпы тартысты сайытың кіші футбол ойынан жүлделі бірінші орынды №9 «Колтоған» мектебінің оқушылары қанжығасына байласа, черлидинг сайысының бас тұғырынан №2 «Ө.Жәнібеков» мектеп гимназиясы оқушылары көрінді. Аудандық сайыстан бірінші орын алған жеңімпаздар «Облыс әкімінің жүлдесіне» ағымдағы жылдың 26-27 қазан күндері өтетін Кентау қаласындағы жарысқа баратын болды.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі