КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ.

КЕЛЕС: АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің бастамасымен 14-16 қазан аралығында жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өткізілуі жоспарланған. Бұл шараның негізгі мақсаты – еңбек ұжымдарында адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарының асыл қасиеттерін дәріптеу. Осыған орай, бүгін Келес ауданы әкімі Ақментай Есбаев ұжым қызметкерлерінің рухани болмысын кемелдендіру мақсатында, еңбек ұжымдарында адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарының асыл қасиеттерін дәріптеу жайында баяндама жасады. Бұл игі бастамаға арнайы мониторингтік топ мүшелері, мәслихат аппараты, «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен» ҰҚП-ның, ардагерлер алқасының және ҮЕҰ-дың өкілдері қатысты.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі