КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІНЕ ДЕН ҚОЙДЫ.

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІНЕ ДЕН ҚОЙДЫ.

Бүгін аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан басшысы Ақментай Есбаев тұрғындарды қабылдады. Бұл басқосуға келген азаматтардың жеке мәселелері әртүрлі бағытта болды. Көп тұрғындардың өтініші жер мәселесіне қатысты еді. Бұдан бөлек олардың ішінде су және жарыққа қатысты сұрақтармен келген адамдар да өздерінің өтініштерін аудан басшысына жеткізіп, алған жауаптарына қанағаттанды. Қабылдауға алдын ала жазылған аудан тұрғындарының талап-тiлектерiн тыңдаған аудан әкімі, сұрақтардың барлығына нақты да толық жауаптар қайтарып, көрсетілген мәселелердің заң аясында шешілетінін айтып, кейбір сауалдар бойынша аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімше мен дербес бөлім басшыларына аталған мәселелерді шешу үшін тапсырмалар жүктеді.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі