КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: 125 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ.

КЕЛЕС: 125 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ.

Тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарына мүмкіндігі шектеулі және пробация есебінде тұрған азаматтардың Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Келес ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылды. Келес ауданы әкімдігінің «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» және «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулылары бекітілген. Жылдық жоспар бойынша пробация есебінде тұрған 13 азамат және қаулыда белгіленген жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасымен 10-азамат қамтылу қажет. Осы жоспарға лайықты орындалғаны пробация есебінде тұрған 11-азаматты тұрақты жұмысқа, 6-азамат қоғамдық ақылы жұмысқа, 11-азамат қысқа мерзімді кәсіби оқуға, 3-азамат «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негізінде оқытылып, оның ішінде 2-азаматқа маусым айында 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант берілді. Жәрмеңкеге аудан бойынша, 37 жұмыс берушілерден 48 тұрақты бос жұмыс орнындары, сонымен қатар шаруа қожалықтардан 77 жаңа жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 159 жұмыссыз азамат қатысып, оның ішінде 35-ы пробация қызметінің есебінде тұрған және 11 мүгедек азаматтар. Жәрмеңкеге қатысушы азаматтар осы ұсынылған бос жұмыс орындарынан өздеріне лайықты жұмысты қарап, жұмысқа 125 азамат жолдама алды.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі