КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕПТЕЛІСТІҢ ШЕШІМІ – ЖАНАМА ЖОЛ

КЕПТЕЛІСТІҢ ШЕШІМІ - ЖАНАМА ЖОЛ

Келес ауданының орталығы Абай ауылынан өтетінін Республикалық А-15 автожолы маңындағы кептеліс бүгінгі таңда Келес ауданы үшін, сонымен қатар біздің батысымызда орналасқан халық саны 600 мыңға жуық аудандар үшін де үлкен мәселелерінің бірі болып тұр. Аталған мәселені шешу үшін осы уақытқа дейін бірталай жұмыстар атқарылды, атап айтқанда жол жиегі кеңейтілді, бағдаршам да орнатылып көрілді. Нәтиже оң болған жоқ. Себебі А-15 Республикалық автожол соғылар шақта тәулігіне 3 мың – 5 мың көлік өтуге арналып соғылған. Ал бүгінгі күні тәулігіне статистикаға сүйенсек 27 мың – 30 мың көлік өтуде дәл осы Абай ауылының автобекеті орналасқан трасса бойынан. Мәселені мұқият зерттеген мамандар ендігі кезекте аталған кептелісті жою мақсатында Республикалық трасса жанынан аудан орталығына кіретін жанама жол салу үшін жұмыстар жүргізуде. Тиісінше аталған құрылыс басты трассаға аудан ішінен тікелей көліктер қосылмай, жанама жол арқылы автобекет маңынан өте қосылады. Сонымен қатар аудан орталығынан Республикалық трассаға қосылатын 6 көшеде де осы жанама жолға қосылып, тиісті мекеніне кептеліссіз жетеді. Бұл өз кезегінде Шымкент бағытынан Жетісай бағытына немесе керісінше келе жатқан көліктердің кептеліске ұшырамай тікелей өтуіне септігін тигізетін болады. Жол құрылысы үшін тиісті жерді қарау барысында, жол жиегіне түскен кәсіпкерлік нысандарды көшіру жұмыстары басты назарға алынды. Тиісті заңнамаға сәйкес құжаттары тексерілген сәтте жол бойындағы мемлекеттік актісіне дұрыс жайғаспаған 14 кәсіпкерлік құрылыс нысандары мәлім болды. Әкімдік, аудандық тиісті аумақтық мәслихат депутаттары мен аудандық «Nur Otan» париясы тарапынан алдын ала ескерту беріліп, кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастыру нәтижесінде заңсыз салынған құрылыс нысандары бұзылып, өздерінің кәсіпкерліктеріне ыңғайластырылып арнайы автотұрақтарымен қайтадан жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өз кезегінде кәсіпкерлерден аудан орталығынан кейін орналасқан өзіміздің 100 мың, көрші аудандардың 500 мыңға жуық халқы және Б.Қонысбаев кеден бекеті арқылы көрші мемлекеттерге (Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан т.с.с.) өтетін күніне 400 астам жүк көліктері осы жол арқылы жүретінін ескеруін сұрар едік. Сол халық осы кептеліс нәтижесінде қымбатты уақыттарын жоғалтуда.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі