КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: АУДАН ОРТАЛЫҒЫНАН АРБАТ ДЕМАЛЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ.

КЕЛЕС: АУДАН ОРТАЛЫҒЫНАН АРБАТ ДЕМАЛЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ.

Бүгін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудан орталығы Абай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүріп жатқан жол құрылысының барысымен танысты. Аудан орталығындағы Өркениет көшесі аталған бағдарлама аясында жол құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар көше бойына суағар орнату үшін тиісті мердігер мекеме тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарының мардымсыздығы нәтижесінде суағар құрылғылары сапасыз орнатылып, көше жиегіне тура орнатылмағанын көрген аудан басшысы аталған мердігер мекеме өкіліне қатаң ескерту беріп, қайтадан дұрыстап жасауын талап етті. Нәтижесінде сол мезетте көше ақсақалдарымен бірлесе аталған мәселе шешімін тапты. Аудан әкімінің келесі бағыты Б. Қырқызәлиев көшесі бойында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрумен жалғасын тапты. Аудан тұрғындары үшін жаңалық, аудан орталығы Абай ауылынында «Жастар жылына» орай, жастардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізу, сондай-ақ жанұялық демалыс орнын жасау үшін замануи үлгіде көрікті «арбат» демалыс аймағы құрылады. Ол үшін арнай жер телімі қаралып, құрылыс орны тазартылып, эскизі сызылуда. Аталған жоба аудан әкімі Ақментай Үсенұлының тікелей бастамасымен жүзеге аспақ. Сонымен қатар аудан жастары үшін арнайы веложолақ пен скейтборд алаңшары құрылмақ.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі