КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Хабарландыру !!!

Хабарландыру !!!

 

2019 жылдың 7 қазандағы сағат 16.00-де Келес ауданының әкімдігі ғимаратында өткен Келес ауданындағы мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы (сауда-саттықтың) конкурсының нәтижесі туралы.

 

Конкурс қорытындыларын шығару туралы 2019 жылдың 7 қазандағы №2 хаттамасымен Келес ауданындағы мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықты сауда-саттықтың конкурс нысаны арқылы беру үшін конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жер комиссиясы мынадай ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1-лот бойынша Бірлік ауылдық округі аумағынан шаруа қожалығын жүргізу үшін 90 га жайылым жер учаскесін өтеулі ұзақ 10 жылға жалға беру туралы конкурстың жеңімпазы болып Шиндаулетов Нурлыбай Шериевич танылсын.

3-лот бойынша Бірлік ауылдық округі аумағынан шаруа қожалығын жүргізу үшін 200 га жайылым жер учаскесін өтеулі ұзақ 10 жылға жалға беру туралы конкурстың жеңімпазы болып Утенов Умирзак танылсын.

17-лот бойынша Бірлесу ауылдық округі аумағынан шаруа қожалығын жүргізу үшін 3,0 га суармалы егістік жер учаскесін жалға беру туралы конкурстың жеңімпазы болып Едилбеков Кенесбай Даутович танылсын.

23-лот бойынша Парманов Шадияр Умиркулович қатысқан Ақтөбе ауылдық округі аумағынан шаруа қожалығын жүргізу үшін 30,0 га суармалы егістік жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім түсуіне байланысты осы лот бойынша конкурс өткізілмеді деп танылды.

25-лот бойынша Біртілек ауылдық округі аумағынан шаруа қожалығын жүргізу үшін 8 га суармалы егістік жер учаскесін өтеулі ұзақ 10 жылға жалға беру туралы конкурстың жеңімпазы болып Ибраева Шугыла Мамадияровна танылсын.

31-лот бойынша Ұшқын ауылдық округі аумағынан шаруа қожалығын жүргізу үшін 2,1 га суармалы егістік жер учаскесін өтеулі ұзақ 10 жылға жалға беру туралы конкурстың жеңімпазы болып Садиев Абилда танылсын.

32-лот бойынша Ошақты ауылдық округі аумағынан шаруа қожалығын жүргізу үшін 19,5 га суармалы егістік жер учаскесін жалға беру туралы конкурстың жеңімпазы болып Казбекова Баянслу Орынбасаровна танылсын.

33-лот бойынша Біртілек ауылдық округі аумағынан ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 200,0 га жайылым жер учаскесін өтеулі ұзақ 10 жылға жалға беру туралы конкурстың жеңімпазы болып «Қайнар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылсын.

Басқа лоттар бойынша конкурстық ұсыныстардағы қателіктерге байланысты жеңімпаздар анықталмады.