КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Мен зейнетақы қорындағы жеке шотымның жай-күйі бойынша ақпаратты қалай алуыма болады?

Мен зейнетақы қорындағы жеке шотымның жай-күйі бойынша ақпаратты қалай алуыма болады?

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алудың бірнеше тәсілі бар. Сіз салымшы ретінде өзіңізге ыңғайлысын таңдай аласыз.

Мысалы, ақпаратты электрондық поштаңызға алуыңызға болады (бұл үшін «БЖЗҚ» АҚ кеңсесіне барып, жазбаша өтініш қалдыру керек).  

Ең ыңғайлы және ұтқыр тәсіл –  бұл ақпаратты www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы алу. Егер Сіздің логин мен пароліңіз немесе электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, үйден немесе жұмыс кеңсесінен шықпай-ақ жеке шотыңыздың жай-күйін қадағалап тұруыңызға болады. Сонымен қатар смартфондар мен планшеттерге арналған ұялы қосымшаны пайдалануға  мүмкіндік бар. 

Егер ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ мамандарынан алғыңыз келсе тіпті жақсы – Қордың бүкіл республика бойынша дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Солардың біріне барып, жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты және Қор мамандарына сұрақ қойып, толыққанды жауаптар ала аласыз.

Олардан басқа, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште ақпаратты алу тәсілі ретінде пошта байланысы көрсетілген болса, үзінді көшірме салынған хат әрбір жылдың басында сол пошта байланысы бойынша үйіңізге жеткізіледі.