КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ЗАҢСЫЗ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНҒАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ.

ЗАҢСЫЗ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНҒАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ.

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен, аудан прокуроры Бақыт Сейфолланың қатысуымен Қошқарата ауылдық округінің әкімшілігі ғимаратында көшпелі мәжіліс өтті. Күн тәртібінде заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен ауданда құрылған жұмысшы топтың атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды. Аудан аумағынан Келес өзені өтетіні белгілі. Кей-бір тұлғалар өзен бойынан заңсыз тас, құм өнімдерін өндіріп жатқаны жұмысшы топ тарапынан анықталып, тиісті әкімшілік өкілдері және полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан рейдттік іс-шаралар өткізілуде. Осындай іс-шаралар нәтижесінде біршама заңсыз жер қойнауын пайдаланып келе жатқан азаматтар құрықталып, тиісті хаттама түзіліп, ескертулер берілгені жайлы бүгінгі болған жиында жұмысшы топтың топбасшысы, аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев баяндады. Жиын модераторы аудан әкімі Ақментай Есбаев атқарылып жатқан шаралар көңіл көншітерлік екенін атап, алдағы уақытта атқарылар шараларды жандандыра отырып, заң бұзғандарға қатаң шара қолдануды тапсырды. Сондай-ақ аудан аумағында ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілетін болғандықтан, аталған өнімдер құрылысшылар үшін маңыздылығын ескеріп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында тас, құм, топырақ заттарын пайдалануға тиісті мекемелердің келісімін ала отырып тұрғындарға аталаған заттарды жеткізуді қолға алуды жұмысшы топ басшысына тапсырды. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары үшінші мегаполис аумағынан заңды өндірілетін тас, шағал өнімдерін шымкент нарығында Келеске жеткізілуге келісім алғанын айтты. Аудан прокуроры Бақыт Сейфолла аталған рейдтік жұмыстарды жандандыруға және заңсыз пайдаланылған яғни шағал, құм, топырақ тасыған жүк көліктеріне бақылауды күшейту үшін аудандық Полиция бөліміне тиісті тапсырмалар берді.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі