КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: АЛПАМЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АУМАҒЫНАН 44 ГА ЖЕРГЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҮШІН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.

КЕЛЕС: АЛПАМЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АУМАҒЫНАН 44 ГА ЖЕРГЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҮШІН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.

Келес ауданы Алпамыс ауылдық округі аумағынан 44 га жерге тұрғын үй құрылысы үшін инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Алпамыс батыр ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкіміне тапсырма берді. Кездесуге Келес ауданының прокуроры Бақыт Сейфолла, дербес бөлім басшылары, аудандық полиция бөлімінің учаскелік полицейлері, ауыл ақсақалдары мен ауылдық округ тұрғындары қатысты. Кездесуде Алпамыс батыр ауылдық округінің әкімі Асхат Қамбаров ағымдағы жылдың жарты жылында атқарған жұмыстары жайлы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Жиын барысында аудан басшысы ауылдық округ әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда округ аумағында елді мекен шегіне кіретін жер теліміне тездетіп құжаттарын жасақтап, инфрақұрылым жұмыстарын бастап округ тұрғындарының кезекте тұрған азаматарына жер телімін беру жұмыстарын бастауды тапсырды. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан қойылған окург аумағында мәдениет үйі мен спорт алаңшасын құру бойынша сұраққа округ әкімімен тиісті бөлімдерге жұмыстарды жандандырып, тез арада нәтижесін баяндауды тапсырды. Келелі кездесуде округ аумағына жауапты учаскелік полицейдің алты айда атқарған есебі тыңдалып, аудан прокуроры тарапынан округ тұрғындарының қауіпсіздігін басты назарға алу бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді. Жиын соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс, пікірлер тиісті хаттамаға тіркеліп, аудан әкімі жіті бақылайтындығын жеткізді.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі