КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«БІРГЕ-ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!»

«БІРГЕ-ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!»

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен Түркістан облысы аумағында өткізілетін «Бірге-Таза Қазақстан!» атты экологиялық акциясының жоспары бойынша, Келес ауданы аумағындағы ауыл және ауылдық округтердің санитарлық тазалық жұмыстары 2019 жылдың 26-27 шілде күндері өткізіледі. Бүгін сенбіліктің алғашқы күніне аудан тұрғындары мен аудандағы барлық мекеме қызметкерлері қатысты. Мекеме қызметкерлері өздеріне бөлініп берілген аймақты әктеп-сырлап, жаңарту жұмыстарымен айналысуда. Әлеуметтік маңызы бар объектілерде жабайы шөптерді шабу, бардюрларды әктеу, аумақты жинау бойынша жұмыстар жүргізілді. Аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерінде күл-қоқыстар тазартылуда. Сенбілік ертең де жалғасатын болады. Аудан тұрғындарын ауданымыздың тазалығына өз үлестерін қосуға шақырамыз.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі