КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Келес ауданының 2019-2021 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Айлық есептік көрсеткіш:  2019 жылы – 2 525 теңге, 2020 жылы – 2 614 теңге және 2021 жылы – 2 703 теңге(АЕК) .

 

Көрсеткіштер  2018 ж 2019 ж 2020 ж 2021 ж
Ең төменгі күнкөріс 28284 42500 43539 44578
Ең төменгі зейнетақы мөлшері 33745 35432 36672 37912
Базалық зейнетақы 15274 16037 16598 17159
Ең төменгі еңбек ақы мөлшері 28284 29698 30737 31776

 

 Ауданның бюджетіне түсімдер мен шығыстары .

 

Ауданның  бюджеті Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы  12 желтоқсандағы №33/347-VI «2019-2021 жылдарға арналған облыстық  бюджет туралы» шешімімен бекітілген және 2019-2021 жылдарға арналған болжамды аудандық бюджеттік параметрлерге сәйкес жинақталған.

 

                                                          Түсімдер

         Ауданның 2019 жылға арналған бюджет табыстарының болжамды көлемін құрастыру кезінде ауданның 2018  жылғы аудандық бюджет табыстарын орындау туралы есеп беру мәліметтері ескерілді.

Аудандық бюджет табысының болжамы бойынша  (трансферттердің түсуін есептемегенде) 2019 жылға   1 909 680 мың теңге сомасында белгіленді. Аудандық бюджеттің табысының болжамы (трансферттердің түсуін есептемегенде) 2020 жылға 1 424 423 мың теңге сомасында белгіленді, 2021 жылға  –   1 258 224 мың теңге.  

Ауданның 2019-2021 жылдарға арналған бюджетінде облыстық және республикалық  бюджеттен мақсатты трансферттердің түсімдерінен 2019 жылға 20 845 673,0 мың  теңге сомасында, 2020 жылға   18 681 073,0 мың теңге сомасында, 2021  жылға  13 714 259,0 мың   теңге сомасында қалыптастыру көзделген.   

Жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын шектеу мақсатында, 2018 жылға  халық саны 2000-нан адамнан астам  ауылдық округ әкімдерінің дербес бюджеттері бекітіледі, олардың санатына Абай ауылы, Бірлесу, Ұшқын, Жамбыл, Бозай, Бірлік, Ақтөбе, Ошақты, Қошқарата, Алпамыс батыр, Біртілек және Жүзімдік ауылдық округ әкімдіктері.

 Он екі ауыл, кент және ауылдық округ бюджеттер деректері ағымдағы жылғы нақты салық түсімдерінен қалыптасты, олардың көлем құны 200 100 мың теңге, бұл ретте бюджеттің шығыс бөлігінің есептелген сомасы                  2 664 407 мың теңге. Ауылдық бюджетті қамтамасыз ету деңгейін теңестіру аудандық бюджеттен бөлінген субвенция мөлшері  2 018 218 мың теңгені құрады.

 

2019 жылғы аудандық бюджет он екі ауылдық округ бюджеттер  деректерін есепке алынбай әзірленген.

                                                                                                         мың.теңге

Атауы 2018 жыл (орындал- ғаны) 2019 жыл (жоспар) 2020 жыл (жоспар) 2021  жыл (жоспар)
Кірістер, оның ішінде: 3 667 043,3 22 755 353 20 015 649 14 876 542
Салықтық түсімдер 506 324,5 1 886 733 1 310 024 1 136 013
Салықтық емес түсімдер 731,6 6 897 7 379 7 895
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 1 111,2 16 050 17 173 18 375
Трансферттер түсімі,

оның ішінде:

3 158 876 20 845 673 18 681 073 13 714 259
    Заңнаманың қабылдауына байланысты ысырапты өтеуге арналған трансферттер 2 843 416  

11 879 695

 

12 414 259

 

12 414 259

    Трансферттер 315 460 8 965 978 6 266 814 1 300 000

 

Салықтық түсімдерге жататындар:

Жеке табыс салығы

Әлеуметтік салық

Мүлік салығы

Жерге салық

Көлік құралдарына салық

Табиғи және басқа қорларды пайдаланғаны үшін түсімдер

Салықтық емес түсімдерге жататындар:

         Мемлекеттік меншіктен түскен табыстар

         Негізгі капиталды сатудан түскен табыстар

         Трансферттердің түсімдері

           

 Шығыстар

Аудандық бюджеттің 2019-2021 жылдарға арналған шығысы 2019 жылға – 22 755 353 мың теңге, 2020  жылға – 20 015 649 мың теңге, 2021 жылға – 14 876 542 мың теңге сомасында белгіленді.  

                                                                                               мың.теңге

Атауы 2018 жыл (орындалғаны) 2019 жыл (жоспар) 2020 жыл (жоспар) 2021 жыл (жоспар)
Шығындар 3 549 098,9 22 755 353 20 015 649 14 876 542
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер 422 696,2 951 171 670 368 670 368
Қорғаныс   212 753 152 753 152 753
Атауы 2018 жыл (орындалғаны) 2019 жыл (жоспар) 2020 жыл (жоспар) 2021 жыл (жоспар)
Білім 2 447,1 9 908 495 8 531 373 8 357 617
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету 54 089 1 786 057 582 404 582 404
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 22 131,9 2 844 997 1 477 906 679 512
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестік 143 208,8 557 203 478 237 478 237
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану   3 628 893 5 270 612 1 102 192
Ауылдық,су,орман,балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары  

 

12 759,9

 

 

463 402

 

 

252 642

 

 

252 642

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі  

8 563

 

24 137

 

22 669

 

22 669

Көлік және коммуникация   511 208 511 208 511 208
Басқалары   38 194 39 597 41 060
Борышқа қызмет көрсету        
Трансферттер 438 538 2 018 218 2 025 880 2 025 880

 

 Ауданның 2019-2021 жылдарға арналған бюджетінің басым шығыстары

 

Әлеуметтік сала

 

Әлеуметтік блокқа шығыстар 5 функционалдық топтан тұрады, атап айтқанда: білім, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік, отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану.

2019 жылға әлеуметтік  салаға шығыстар тұтастай алғанда жалпы шығыс көлемінің  82,3  пайыз  немесе  абсолюттік мағынада  18 725 645   мың  теңге, 2020 жылға –  жалпы шығыс көлемінің 81,6 пайыз немесе  16 340 532 мың  теңге 2021 жылға –  жалпы шығыс көлемінің 75,3 пайыз  немесе  11 199 962 мың  теңгені құрайды.

Білім

«Жалпылай  оқыту» бағдарламасы бойынша аудан мектептерін ұстауға қаражат қарастырылған. Ауданда 63 мектеп жұмыс істейді, оның 51-орта мектеп, 8 – негізгі мектеп және 4 – бастауыш мектеп, штаттық саны 5251,40 бірлік.

 

Атауы 2019 жыл (жоспар) 2020 жыл (жоспар) 2021 жыл (жоспар)
Оқулықтарды, оқу-әдістемелік жинақтарды сатып алу және жеткізу 235 000 235 000 235 000

 

«Балалар үшін қосымша білім беру»  бағдарламасы бойынша үш жылдық кезеңге шығыстар –   280 045 мың теңге : 2019 жылы – 97 237 мың теңге , 2020  жылы –   91 404 мың теңге , 2021 жылы – 91 404 мың теңгені құрайды. Шығыстар – «Абай саз мектебі» МКҚК, «Жас туристер орталығы» МКМ, «Оқушылар үйі» МКМ жұмыс істеуіне бағытталған.

 

Әлеуметтік қамту және әлеуметтік көмек.

Ауданның 2019-2021 жылдарға арналған бюджетінде әлеуметтік қамту және әлеуметтік көмекке тұтастай алғанда  2 950 865  мың теңге қарастырылған  (2019 жылға –  1 786 057  мың теңге, 2020 жылға –  582 404 мың теңге,  2021 жылға –  582 404 мың теңге).

 

2019 -2021 жылдарға әлеуметтік қамту және әлеуметтік көмекке шығыстар

  мың.теңге

Шаралардың атауы 2019  жыл 2020 жыл 2021 жыл  
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1 148 247 192 600 192 600  
Жұмыспен қамту бағдарламасы 161 268 54 540 54 540  
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету 18 614 18 614 18 614  
Тұрғын үй көмегі 5000 5000 5000  
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек 87 556 77 730 77 730  
Үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету 7041 7041 7041  
Мұқтаж азаматтарға үйден әлеуметтік көмек көрсету 57 795 50 556 50 556  
Шаралардың атауы        
Мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету қимылмен түсіндіретін мамандардың қызметін, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жеке көмекшілер ұсыну 133 251 73 738 73 738  
Тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарының қызметімен қамтамасыз ету 110 138 50 163 50 163  
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер 57 147 52 422 52 422  

 

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

 

2019 жылы –  557 203 мың теңге, 2020 жылы –   478 237 мың теңге, 2021 жылы – 478 237 мың теңге қарастырылған.

 

2019 жылға негізгі шығындар

                                                                                                              мың.теңге

Шаралардың атауы Сомасы
Мәдени-демалыс жұмысын қолдау 159 596
Аудандық кітапханалардың жұмыс істеуі 71 544
Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту 7 280
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту 168 608
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу 5 000
Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы 5 000

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында үш жылдық кезеңге 5 002 415 мың теңге қарастырылған, оның ішінде  2019  жыл –    2 844 997 мың теңге, 2020 жыл –   1 477 906 мың теңге, 2021 жыл –   679 512 мың теңге.

 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының 2019 -2021 жылдарға белгіленген шығындары                                                                                         

                 мың.теңге

Шаралардың атауы

 

2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 2 844 997 1 477 906 679 512
Коммуналдық шаруашылық 2 228 492 1 163 081 364 687
Елді мекендердің абаттандыру және көгалдандыру 616 505 314 825 314 825

         

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

 

Аудандық бюджет  қаражаты есебінен жалпы сомасы 274 027   мың теңге бөлінді, оның ішінде:

                                                                                                          мың.теңге

Шаралардың атауы Сомасы
Ауру малдардың санитарлық жоюын ұйымдастыру 610
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру 8030
Жануарлардың энзоотикалық ауруларды бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу 25 641
Ауыл шаруашылығы жануарлардың сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу 1277
Эпизоотияға қарсы шаралар өткізуге 121 455

 

Бұдан басқа, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін, жергілікті бюджеттен      17763  мың теңге сомасында бюджеттік несие бөлінді.

 

Көлік және байланыс

 

Көлік және байланыс саласындағы шығындар ауыл, ауылдық округтер мен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуі бойынша шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады және 2019-2021 жылдарға құрайды:

                                                                                                     мың.теңге

Шаралардың атауы

 

2019 жыл 2020 жыл 2021

жыл

Ауыл, кент, ауылдық округтердің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету      
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 511 208 511208 511 208