КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫМЕН ҚАБЫЛДАДЫ.

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫМЕН ҚАБЫЛДАДЫ.

Бүгін Келес ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі Ақментай Есбаев тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Аудан басшысының қабылдауына аудан бойынша он төрт тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қоғамдық қабылдауға келгендердің дені жұмыссыздық мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар жер, үй және әлеуметтік мәселесімен жүгінді. Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар жұмыс сұраушылардың мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек сұраған аудан тұрғынына мүмкіндігінше көмек жасалатынын жеткізді.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі