Мен еңбек азаматтық құқықтық сипаттағы шарты негізінде жұмыс істеймін. Міндетті зейнетақы жарналарын өзім төлеуім керек пе?

Мен еңбек азаматтық құқықтық сипаттағы шарты негізінде жұмыс істеймін. Міндетті зейнетақы жарналарын өзім төлеуім керек пе?

Азматтық құқықтық сипаттағы шарттар негізінде жұмыс істейтін азаматтар 2018 жылдың шілде айынан бастап міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттелген болатын.

2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) тиісті өзгерістер енгізілді. Оған негіз болатын құжат: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VI Заңы.

Соған сәйкес, егер жеке тұлғалар, олардың ішінде фрилансерлер жұмыс істеу үшін немесе қызмет қызмет көрсету үшін салық агенттерімен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасатын болса, олар үшін Қорға міндетті зейнетақы жарналарын осы салық агенттері төлейді. Ал салық агенттері: заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар болуы мүмкін.

Ал егер еңбек шарты бойынша жұмыс істемейтін жеке тұлғалар, олардың ішінде фрилансерлер жұмыс істеу үшін немесе қызмет қызмет көрсету үшін салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқан болса, олар осы шарт бойынша алған табыстан Қорға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бұл қағида Заңның 39-бабы, 2 тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген. Дегенмен бұл жеке тұлғалар оның ішінде фрилансерлер Қорға міндетті зейнетақы жарналарын өз ұйғаруымен төлеуге құқылы. Бұл үшін олар жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына «010» төлем мақсатының кодын пайдалана отырып, төлей алады. Міндетті зейнетақы жарналарын осылайша Қорға ерікті түрде аудару қомақты зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға оң әсер етеді.