КЕЛЕС АУДАНЫНДА 8 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ГАЗ БЕРІЛДІ.

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 8 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ГАЗ БЕРІЛДІ.

Келес ауданындағы Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округтерінде табиғи газ жүйесімен қамтамасыз етуге құрылыс-монтаж жұмыстары бүгінгі таңда аяқталып, жеткізуші табиғи газ құбыры, табиғи газ жүйесіне қосылды. Жүзімдік ауылдық округінің Оңтүстік, Бірлесу, Сәтбаев, Ақсу елді мекендеріне, Бірлесу ауылдық округінің Қазақстан, 28-гвардия, Дихан, Берекелді елді мекендеріне, жалпы 8 елді мекенге газ құбыры жүргізіліп, 1519 үйге көгілдір отын жеткізілді. Ауыл тұрғындарының қуанышымен ортақтасуға аудан әкімі Ақментай Есбаев арнайы барып, өзінің ізгі тілектерін жеткізді. Жыл соңына дейін Келес ауданында жалпы табиғи газ жүйесімен тағы 5 елді мекен қамтылуы жоспарланған.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі