КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Келес ауданының аумағында арнайы қарастырылып бөлінген 500 га жылыжай кешенінің жер телімі аумағында Ресейлік инвестор «Эко-культура» компаниясының өкілдерімен кездесу болып өтті. Кездесуге Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстық Ауыл шаруашылық басқармасы басшысы Нұрбек Бадырақов, Келес ауданы әкімі Ақментай Есбаев, «ҚазақИнвест» Ұлттық компаниясының Түркістан облысы бойынша филиалы өкілдері және тиісті мекеме басшылары қатысты. Жалпы құны 1,1 млрд долларды құрайтын 500 га аумаққа жылыжай кешені салу ауданның экономикасын көтеруге және 10 мың жұмыс орны ашылатын ауқымды жоба болмақ. Естеріңізге сала кетейік Келес ауданында жалпы құны 1,1 млрд долларға 500 гектарды құрайтын аумаққа жылыжай кешені салынуы бойынша ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында меморандум түзілген болатын. Түркістан облысының әкімдігі мен «Эко-культура» ресейлік компаниясы арасындағы келісім бойынша жоба 2019-2025 жылдары іске асады. Еліміздегі ең ірі жылыжай кешеніне айналатын қожалықтың өнімдері ТМД мен Еуропа елдеріне экспортталатын болады. Жылыжай кешенінде алдағы уақытта қызанақ, қияр өнімдері өндірілмек.

(Асхат Әссандидің фоторепортажы)

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі