КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«ТҮРКІСТАН-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ ТУРАЛЫ ТҰРҒЫНДАРҒА КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТҮРКІСТАН-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ ТУРАЛЫ ТҰРҒЫНДАРҒА КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысының арнайы мониторингі тобының мүшелері Жарылқасын Мақсат Баймухамбетұлы, Ахметова Оразкул Маханқызының және «Түркістан – адалдық алаңы» аясында құрылған лекторлық топтың мүшесі Іляс Ерболат Нурғалиұлының қатысуымен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, мемлекеттік қызметке кіру бағыттары және электронды түрде қызмет алу туралы ақпараттық жадынамалар (бұдан әрі – Жадынама) Келес ауданының орталығы Абай ауылында халық көп шоғырланатын орындарға барып таратылып берілді.
Сонымен қоса Түркістан облысының арнайы мониторингі тобының мүшелері және аудан әкімі аппаратының қызметшілерімен Жадынама бойынша ауыл тұрғындары тарапынан қойылған қосымша сұрақтарға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі