КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ЕЛ РӘМІЗДЕРІ – ЕЛ РУХЫ» АТТЫ ІС ШАРА ӨТТІ.

КЕЛЕС АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ЕЛ РӘМІЗДЕРІ – ЕЛ РУХЫ» АТТЫ ІС ШАРА ӨТТІ.

Келес ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Ел рәміздері – Ел рухы» атты іс шара өтті. Іс-шара аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздердің шеруімен бастау алды. Аудандық мәдениет үйінің ауласында мерекеге арналған жиында Келес ауданы әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға қатысушылар орталықтандырылған кітапханалар жүйесі дайындаған «Рәміздер бұрышының» ашылу салтанатына қатысты. Айтулы мерекеге арналған концерттік бағдарлама «Жеңіс» саябағында жалғасын тауып, тақырыпқа сай бейнефильм көрсетілді. Іс- шарада ауданның құрметті азаматы Б.Қырғызалиев, аудандық маслихат хатшысының міндетін атқарушы С. Селтанов құттықтау сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Аудандық мәдениет үйі өнерпаздары өнер көрсетіп, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

#МеніңТуым 
#МойФлаг
#Рəміздер
#jastarjyly2019
#turkistan_jastary
#МеніңтуымМойфлаг

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі