КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Келес ауданының тұрғындарының назарына!

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәірдегі
№234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аясында мемлекеттік гранттар ұсыну бағыты жүзеге асырылады.

Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде, сонымен қатар моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға мемлекеттік гранттар салалық шектеусіз беріледі.

Облыс әкімінің 2015 жылдың 3 маусымдағы №1-172ө санды өкіміне сәйкес, Бағдарламаны іске асыруға жауапты өңірлік үйлестірушісі болып Түркістан облысының кәсіпкерлік, индустриялды – инновациялық даму басқармасы, жергілікті үйлестірушілері болып облыстың аудан және ауыл кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері айқындалған.

Осыған орай, Конкурсқа қатысу үшін өтінім мен құжаттарды Түркістан облысының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасына (Түркістан қаласы Кентау тас жолы Верьсаль 2 бизнес-орталағы) тапсырылады. Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер хабарламада көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтініммен толық құжаттама пакетін береді.

Конкурсқа қатысатын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 27-17 мамыр мен  маусым аралығында жоспарланған. Аталған хабарламаны «Оңтүстік Қазақстан» және «Южный Казахстан» газеттерінен және ontustik.gov.kz сайтында «Өңір туралы» бөлімінің «Бизнес» бөлімшесінен көруге болады (өтініш нысаны және тапсыруға жататын құжаттар тізімі). Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2019 жылдың «27» мамыр сағат 10:00, өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2019 жылдың «17» маусым сағат 17:00, көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

 

                               «Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі