ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сату туралы (ағылшындық сауда-саттық әдісімен) аукционын жариялайды.

Аукционға ұсынылатын жер учаскесінің тізімі

 

Лот №

Жер учаске алаңы га

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Берілетін құқықтың түрі

Бастапқы баға (ең төменгі баға) теңге

Жер учаскесін жалдау төлемінің мөлшері

теңге

Сәйкестендіру құжатын дайындау құны теңге

Кепілдік жарна

теңге

1.

0,80

Спорт комплексі құрылысы үшін

Қошқарата а.о. Қошқарата е.м.

4 жыл 9 айға жалдау құқығы

83980

5760

127129

126 250

  1. Аукционға Қазақстан Республикасының жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалары (шетелдіктердің қатысуынсыз) қатыса алады.
  2. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттар табысталу қажет:

                1) мәліметтер түрінде жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сату туралы аукционға қатысуға өтінім;

                2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжат;

                3) өкілдің өкілеттіліліктерін куәландыратын құжат. Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады.

                Жеке басты куәландыратын құжат, жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді ұйымдастырушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

  1. Аукционға қатысу туралы өтінімдерді қабылдау хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан күннен басталады және 2019 жылғы 14 мамыр сағат 16-00 де (мекен-жайы: Келес ауданы, Абай ауылы, Ә.Жылқышиев аллеясы №77 үй, Халыққа қызмет көрсету орталығының жанындағы ғимарат, 1 қабат) аяқталады.
  2. Жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сату туралы (ағылшындық сауда-саттық әдісімен) аукционы 2019 жылы 15 мамыр сағат 16-00 де Келес ауданы, Абай ауылы, аудан әкімдігінің ғимаратында өткізіледі.
  3. Кепілдік жарнаны енгізу тәртібі: Кепілдік жарна хабарлама жарияланған күннен бастап 2019 жылдың 14 мамыр сағат 16.00-ге дейін мына есеп шотқа енгізеледі: «Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ; БИН 180940001977; БИК KKMFKZ2A; код 4633523; ИИК Депозиттік шот KZ540705034633523001;»
  4. 6. Жер учаскесін пайдаланудың талаптары мен шарттары:

                1) жер учаскесінің орналасуы бойынша салық органына жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақының салықтық есептерін (ағымдағы төлемдер сомасының есебін) есептік салық кезеңіндегі ақпан айының 20-нан кешіктірмей тапсыру;

                2) жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану;

                3) бекітіліп берілген және оған іргелес аумақтарды  тиісті санитарлық жай-күйінде күтіп ұстау жөнінде  іс-шараларды жүзеге асыру;

                4) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес, өндірістік технологияларды қолдану, өздерінің шаруашылық және басқа да қызметтерді жүзеге асыруы нәтижесінде халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмеу, санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық, экологиялық жағдайды нашарлатпау;

                5) жер салығын, жер учаскесін пайдаланғаны үшін Қазақстан Републикасының заңнамасында және төлем шартында көзделген басқа да төлемдерді уақытылы  енгізу;

                6) шаруашылық және басқа да қызметтерді жүзеге асыру кезінде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормалар, ережелер, нормативтерді) сақтау;

                7) мемлекеттік органдарға Қазақстан Републикасының жер заңнамасында белгіленген жердің жай-күйі және пайдаланылуы туралы  мәліметтерді уақытылы табыстау;

                8)  басқа  да жер пайдаланушылар мен меншік иелерінің құқығын бұзбау;

                9) жердің құнарлы қабатын қайтарымсыз жоғалтып алуды болдырмау қажеттілігінен болған сылып алуды қоспағанда, басқа тұлғаға сату және беру мақсатында жер учаскесін ластау, қоқыстау, нашарлату және  топырақтың құнарлы қабатының жағдайын төмендету, сондай-ақ, топырақтың құнарлы қабатын сылып алуға жол бермеу;

                10) өз меншігі болып табылмайтын, тұтыну және өндіріс қалдықтары анықталған жағдайда,  жергілікті атқарушы органдарға хабарлау;

                11) Жер кодексінде және қолданыстағы өзге де заңнамалар нормасында көзделген заңдылықтарды бұзуға жол бермеу.

  1. Аукционға қатысты барлық сұрақтарға жауаптар мен кеңесті Келес ауданының жер қатынастары бөлімінен алуға болады.

                Мекен-жайы:  Келес ауданы, Абай ауылы, Ә.Жылқышиев аллеясы №77 үй, тел. 8 (72532) 3-16-01.

  1. Аукционға қатысуға өтінімнің нысаны:

 

Аукционға қатысуға өтінім

(жеке және заңды тұлғалар үшiн)

(Кiмге)

______________________________________________________________________________
(аукционды ұйымдастырушының атауы)

 

(Кiмнен)

_______________________________________________________________________________
                                             (қатысушының атауы, мекен-жайы)

 

_________теңге мөлшерінде аукционға қатысу үшін кепілдік жарнасын енгізіп осы өтініммен

____________________________________ жер учаскесінің жалдау құқығын сату

(жер учаскесінің сипаттамасы, жер көлемі)

жөніндегі аукционға хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес қатысуға ниет білдіремін.

Осы өтінімге қоса тіркеледі:

  1. _________________________________________________________________
    2. _________________________________________________________________
    3. _________________________________________________________________

Осы өтiнiм жергілікті атқарушы органның шешімі қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні iшiнде күшi бар.

Жер учаскесiн жалдау құқығын сату туралы шартты жасағанға дейiн, бұл өтiнiм мiндеттi келiсiм-шарт рөлiн атқаратын болады.

Заңды тұлға үшін:

__________________                                 ____________________________
            (қолы)                                                         (қызметi, аты-жөнi)

М.О.

Жеке тұлға үшін:

__________________                                 ____________________________
            (қолы)                                                                (аты-жөнi)