КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында «Түркістан қаласының аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру және ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында іске асырылатын жобалар» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Жиынға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, Жамбыл, Қызылорда және Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласының басшылары мен тауар өндірушілері, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «КазАгроҚаржы» АҚ төрағалары, екінші деңгейлі банк басшылары, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғалымдар, аудан, қала әкімдері мен облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.