ТҮРКІСТАНДА «АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» АТТЫ КӨРМЕ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» АТТЫ КӨРМЕ ӨТТІ

Түркістан қаласында «Агроөнеркәсіп кешенінің озық технологиялары» атты көрме өтті. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған топ ең алдымен ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологиялармен танысты. Көрмеде көпшілікке ауыл шаруашылығы өнімдері, асылтұқымды төрт түлік малдың түрлері мен заманауи техникалар ұсынылды. Сондай-ақ, көрмеде шаруаларға сүт қабылдау бекеттерінің жұмысы көрсетіліп, салмағы 1 тоннадан асатын «Абердин – ангус» бұқалары мен асылтұқымды қаракөл қойларының ерекше түрлерін көруге мүмкіндік болды.