КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙТЫС ӨТТІ.

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙТЫС ӨТТІ.

Келес ауданында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Кең жазирам – Келесім» атты халықаралық ақындар айтысы өтті. Айтулы аламан додаға елімізге белгілі ақындар Б.Шойбеков, К.Оралова, А.Жаппарқұл, Б.Оразымбетов, Т.Тілеулиев, Н.Есенқұлов Өзбекстаннан Қ.Дүйсенов, Т.Орынбеков сынды марқасқа ақындар қатысты. Айтысты Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ашып беріп, төл өнеріміздің аудан көлемінде кеңінен насихатталып жатқанынын атап өтті. Келес ауданының әкімдігінің қолдауы, аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен халықаралық айтысқа қатысушы барлық ақындарға бағалы сыйлықтар табысталды. Аламан айтыс жоғары деңгейде өтті.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі