КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Хабарландыру

Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Мұхиденұлы Әлішев 2018 жылдың 07 қыркүйек күні сағат 15.00-де аудан әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау өткізеді. 
Түркістан облысы жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді.
Қабылдауға аудан әкімі аппаратындағы 3-06-20 сымтетік арқылы алдын ала жазылуға болады.

 

 

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.