КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Ереже бұзбау керек! Сонда айыппұл салмайды.

Бүгін, 4 – қыркүйек Келес ауданының әкімі А.Есбаев, Абай ауылының әкімі Е.Абдирахманов, Келес АІІБ-нің ЖПҚ басшысы, аудандық кірістер басқармасы мамандары және тиісті мекеме мамандары аудан орталығы Абай ауылында орналасқан орталық автобекет маңындағы заңсыз тасымалдау көліктерінің орналасуы, ретсіз сауда, аудан орталығының көркін бұзып тұрған заңсыз құрылыс ғимараттарын қарап, меншік иелерімен кездесіп, түйіткілді мәселелердің шешімін қарастырды. Аудан әкімі алдағы уақытта Республикалық трассаның бойында жол кептелісін азайту мақсатында көше жиегінде орналасқан қоршауларды кеңейтуді ұсынып, жол жағасында бей-берекет орналасып тұрған көлік иелерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Ер Дәуіт» автобекеті мен орталық автобекет арасына аспалы көпір салынып, таяу күндері қолданысқа берілуі жоспарлануда.

 

 

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.