КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Келес ауданы мәжіліс залында аппараттық жиын болып өтті.

Бүгін, 3 қырқүйек күні Келес ауданы мәжіліс залында аудан әкімі А.Есбаев төрағалығымен аппараттық жиын болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, халыққа қызмет көрсету орталығы, зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті және ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіндегі 3 мәселе қаралды.
1.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ басшылары (халыққа қызмет көрсету орталығы, зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті) Келес ауданы аумағындағы проблемалық мәселелер туралы. 
2.Аудан аумағындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары, бюджеттік мекемелердің 2018-2019 жж қысқы маусымға дайындығы туралы.
3.Абай ауылыны әкімінің аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша атқарып жатқан жұмыстарының есебі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Келес аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы басшысы Н.Шаулиев, Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы басшысы С.Бекішов, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті тексеру департаментінен Т.Жаңбырбаев аудандағы кемшіліктер және атқарылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндама жасады. Күн тәртібінде қаралған келесі мәселе бойынша Тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Кенегесов баяндамасында аудан аумағындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстарындағы кемшіліктеріне тоқталып, ауылдық округтер әкімдеріне бірлесе жұмыс жасауға ұсыныс жасады. Бюджеттік мекемелердің 2018-2019 жж қысқы маусымға дайындығы да пысықталды. Абай ауылы әкімі Е.Абдирахманов аудан әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесін баяндап, күн тәртібіндегі үшінші мәселеге түйін қойды.
Кеңес соңында А.Есбаев алда атқарылар жұмыстардың бағытына тоқталып, негізгі міндеттерді нақтылады. Аудан басшысының тапсырмасы бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.

 

 

 

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.