КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Сенбілікке шықтық, белсеніп!

Жаздың шуақты күндерінен бастау алған ауданымызды қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстары жалғасын табуда. Ауданымызды таза да көрікті ауданға айналдыру үшін көптеген шаралар атқарылуда. 
Күздің алғашқы күндері ұйымдастырылған сенбілікке аудандық бөлім қызметкерлері, ауылдық округ әкімшілігінен қызметкерлер қатысып, Республикалық трасса бойындағы ағаштардың артық өскіндері кесіліп, шөбін шауып ретке келтірілді. Жалпы, аудан бойынша тамыз, қыркүйек айлары аралығында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу жарияланды. Аудан көркін ажарландыру, келбетін аша түсу өз қолымызда!

 

 

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.