КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Құрметті Келес ауданының тұрғындары !

Құрметті Келес ауданының тұрғындары !
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
23 жыл бұрын қабылданған еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Ата Заң – біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы болып табылады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Ол еліміздің тұрақтануы мен өркендеуінің негізі мен кепілі. Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің берік кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық.
Құрметті жерлестер!
Ортақ мақсатымыз жалпыұлттық бірлік пен тұрақтылықты нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамда тұрақтылық пен келісім негізін сақтау. Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Конституция күні тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді көздің қарашағындай сақтауға шақыра отырып,
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, отанымыздың дамуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Ізгі ниетпен: Келес ауданының әкімі А.Есбаев

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.