КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

200 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Білім күні қарсаңында Келес ауданында 200 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ошақты ауылдық округіне қарасты Қаратал елді мекеніндегі білім ұясының ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі А.Есбаев қатысып, барлық ата-аналар мен мұғалімдерді, ең бастысы – оқушыларды айтулы оқиғамен құттықтап, оқу ордасының лентасын қиды.
Құрылысы 2017 жылдың тамыз айында басталған білім ұясының құрылыс жұмыстарын «Лидер-НК» ЖШС-гі жүргізіп, сапалы әрі сәнді етіп аяқтап отыр. Мектеп ғимараты толықтай заманауи үлгіде салынып, қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етілген.

 

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.