КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Қызметін Келес ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері

        

ЖОБА

 

Бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы

 

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының  2017 жылғы    25 желтоқсандағы  Кодексінің 546 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының  1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызметін Келес ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                        А.Жүзенов                                              

 

Аудандық мәслихат

хатшысы                                                                       А.Тотиков

 

 

Келес ауданық мәслихатының

2019 жылғы «____» мамырдағы

шешіміне қосымша

 

 

 

Қызметін Келес ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері

 

Рет № Салық салу объектісінің атауы Мөлшерлеме

(айлық есептік көрсеткіш)

Бір айға
1 Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы 5
2 Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы 8
3 Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер 1
4 Ойын жолы 10
5 Карт 5
6 Бильярд үстелі 3
7 Уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан (валюта) айырбастау пункті 15