КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

аким

Есбаев Ақментай Үсенұлы 1972 жылы 3 мамырда Шымкент облысы Келес ауданы Ақтөбе селолық кеңесі Ғ.Мұратбаев совхозының Ленин бөлімшесінде дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

1979 жылы «Октябрь» атындағы бастауыш мектебіне барып, 1989 жылы №9 В.И.Ленин атындағы орта мектебінің 10 сыныбын бітіріп шықты.

1989 жылдың қараша айында Ташкент ауыл шаруашылық институтының даярлау бөлімшесіне тыңдаушы болып қабылданып, 1990 жылы қыркүйекте аталған институттың экономика факультетіне оқуға түсті. 1995 жылы Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің экономика факультетін экономист-ұйымдастырушы квалификациялық мамандығы бойынша бітіріп шықты.

08.10.1995-12.11.1996 жыл Ғ.Мұратбаев совхозының кәсіподақ комитетінде есепші;

13.09.1996-01.09.1999 жылдар аралығында Ленин атындағы орта мектеп есепші;

01.09.1999-05.06.2000 жылдар аралығында Октябрь атындағы мектептердің бас есепшісі;

05.06.2000-08.07.2009 жылдар аралығында Аудандық қаржы бөлімінің жергілікті бюджет бөлімінің бастығы;

08.07.2009-15.02.2010 жылдар аралығында Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі;

15.02.2010-03.03.2011 жылдар аралығында Ауданның экономика және қаржы бөлімінің бюджеттік және мониторинг секторының меңгерушісі;

03.03.2011-14.09.2011 жылдар аралығында Ауданның экономика және қаржы бөлімі бастығының орынбасары;

14.09.2011-06.01.2012 жылдар аралығында Ауданның экономика және қаржы бөлімінің бастығы;

06.01.2012-09.04.2012 жылдар аралығында Ауданның кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы;

09.04.2012-14.08.2014 жылдар аралығында Ауданның экономика және қаржы бөлімінің бастығы;

14.08.2014-18.07.2018 жылдар аралығында Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары.

18.07.2018 жылдан бастап Келес ауданы әкімі.